Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында “Алтын ұрпақ” қосымша білім беру орталығы ашылды.
Оқушыларға білім мен тәрбие беру, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыруға арналған жаңа орталықта экономика және бизнес негіздері де оқытылады. Ұлдар мен қыздарға арналған қолданбалы өнер, өлкетану және “Steam білім беру” кабинеттері бар. Бұл жерде өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған. Орталықтың іші кең, жылы әрі жарық. Білікті де тәжірибелі ұстаздар оқушыларды отаншыл рухта тәрбиелеп, олардың бойындағы шығармашылық қабілетті шыңдауға баса назар аудармақ. Сондай-ақ, әр баламен жеке жұмыс істеп, бәсекелестік қабілет қалыптастыруға күш салады.
Еркебұлан ЕЛУБАЕВ.