Кеше Петропавлда «Туризм саласын дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі» тақырыбында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы өтті.
Қазақстан мен Ресей өңірлерінің ынтымақтастығын дамытуға арналған форум аясындағы бұл жиында кәсіпкерлер мен туризм саласының өкілдері бас қосып, шекарасыз туристік кеңістік құру, осы салаға инвестиция тарту, инфрақұрылым жағдайы, цифрлық технологияларды қолдану, экологиялық, медициналық туризм, туристік маркетинг сияқты көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Ресейліктер жиі баратын үш елдің бірі Қазақстан екен. Қазіргі күні елімізде туризм саласын дамытуға бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленуде.