Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып өзге тілдің бәріне жағдай жасадық. Ал ана тіліміз аяқасты болды. Бұрын орыс аудиториясы (балабақшадан бастап) қазақша тіл сындыра бастаған, қазір қазақ аудиториясы (балабақшадан бастап) орыс (ағылшын) тілінде оқиды. Ата-ана қазақ тілінің келешегіне сенбейді. Отаншыл рух сынған. Баласының орысша оқығанын қалайды. Диаспора болса да, баласын орысша оқытады. Қазіргі жағдай осы!
Не істеуге болады? Тәуелсіздіктің алдындағы, Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі бар бағдарламаны қаржыландырып, қалпына келтіру керек! Қазақ тілінен қаржы аяуға, үнемдеуге болмайды. Ана тіліне алғашқы бетбұрыс кезінде бар істің басықасында ол кездің жастары – біздер жүргенбіз! Ендігі қайта “оянуда” “біз жастарға сенуіміз керек!” (М.Жұмабаев). Әсіресе, ауыл жастарына! Әсіресе, қазақтілді жастарға!
Әңгімені доғарып, іске кірісетін кез келді! Әйтпесе, кеш қаламыз!
Құлбек ЕРГӨБЕК,
әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы.