«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІШЕК ТАЯҚШАСЫ ТАБЫЛДЫ

“Максимальный размах” фирмасының жартылай дайын өнімінен ішек таяқшасы табылды. Өнім Аққайың ауданының Астраханка ауылындағы дүкендердің бірінен алынған. Аққайың аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерінің айтуына қарағанда, тауарды сатушы тарапынан заң бұзушылық жоқ. 

Қазір ведомство өнім өндірушіні жоспардан тыс тексеріп, сауда орындарынан қалған өнімді алып тастамақ. 

– Кәсіпорын қызметкерлері жеке гигиена талаптарын сақтамаған немесе қондырғыны тиісінше жумаған. Бұл бактерия термиялық өңдеуден кейін жойылады. Тексеру нәтижесінде заң бұзушылық анықталатын болса, жеке кәсіпкерге 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, – дейді Петропавл қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері Петропавл қаласының 32 сауда нысанында мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша тоғыз кәсіпорын басшысы мен жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олқылықтарды жою туралы 19 ұйғарым енгізіліп, екі материал Петропавл қалалық әкімшілік сотына жіберілді.

 

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp