«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ішкі істер министрі «Facebooк»»-те парақшасын ашты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Facebooк»-те парақшасын ашты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

«Құрметті отандастар! Бүгіннен бастап мен әлеуметтік желіге қосылдым. Бұл қадам – ішкі істер органдарын реформалауда қажетті құралға және полиция мен қарапайым азаматтар арасындағы «алтын көпірге» айналатынына сенімім мол. Қылмыспен күрес, адамдардың тыныштығын күзету оңай емес. Біздің басты міндет – халықтың сенімі! Сондықтан әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы сол көрсеткішті одан сайын жақсартамыз деген үміттемін. Қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет!», деп жазды ІІМ министрі.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp