Мас күйде көлікке мінетін жүргізушілердің қатары сейілер емес. Бұл айтқанымызға жыл басталғалы облысымыздың жолдарында осындай өрескелдіктері үшін 428 жүргізушінің құрықталуы айғақ. Ал үш күн мерекеде ішімдікке ерік берген 18 адам ұсталды.
Өздерінің ғана емес, өзге адамдардың өміріне де қауіп-қатер төндіретін мас жүргізушілерді былай қойғанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырған 2366 көлік иелері айып тартты. 199 көлік жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін жазаланды.
Жол қозғалысы ережесін бұзудың өзге оқиғалары да жетерлік.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.