
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Рождестволық қиял-ғажайып” атты көрме өтті.
Мәдени және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, дарынды балаларды қолдау мақсатында байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Петропавл және Булаев епархиясы, “Солтүстік Қазақстан облысы орыс қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі, Оқушылар сарайы, облыстық музейлер бірлестігі сияқты бірқатар ұжымдар бұл шараны ұйымдастыруға қолдау білдіргенін айтып өткен жөн.
Байқау қорытындысы бойынша мұражайда өткен көрмеге еліміздің өңірлері мен Ресей Федерациясынан ұсынылған шығармашылық жұмыстар қойылды. Жалпы саны жүзге жуық сурет көрермен назарына ұсынылды. Қиялға ерік берген балалардың шығармашылығынан шексіз ой-ұшқырлығын аңғарамыз. Мұражайға келген қонақтар сурет көрмесінен ерекше әсер алды.