Облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстандық мемлекеттiк университетi ғалымдарының өңірдегі инновацияны дамыту ғылыми жобаларға қатысуы қарастырылды. Университет ректоры Серiк Өмiрбаевтың ақпараты бойынша, бүгiнгi күнi оқу орнының ғалымдары 14 ғылыми жоба бойынша жұмыс жасауда.
Зерттеу жұмыстары ауыл шаруашылығы, экологиялық таза азық-түлiктердi шығару, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану, энергетика мен машина жасау, химия саласында жүргiзiледi.