«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАРЫШТАН БАҚЫЛАНАДЫ

Былтыр облыс экологтары аудандарға шығып, қоқыстың белгіленбеген жерге төгілуінің 100-ге жуық фактісін анықтап, тәртіп бұзушылықтардың жолын кескен болатын. Ал ғарыштан жасалған түсірілім өңірімізде әлі де рұқсат етілмеген 900-ге жуық қоқыс орнының барын анықтап отыр.

Рұқсатсыз қоқыс төгілген учаскелерді тазартуды бақылау мақсатында былтыр бірқатар аудан басшыларына хат жолданып, “Әкімшілік құ­қық бұзушылықтар туралы” кодекстің 344-бабы бойынша хаттама да толтырылған екен. Әйтсе де, тапсырма толық орындалмаған. Елімізде қолға алынған экологиялық қауіпсіз­дікті халықаралық стандарттарға сәйкестендіру заңсыз қоқыс үйінділерінің мәселесін шешуге ықпал етпек.
Былтыр Энергетика министрлігінің және “Қазақстан ғарыш сапары” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының арасында келісімшартқа қол қо­йыл­ып, оның аясында қалалардың айналасындағы қоқыс төгетін орындар жер серігінің көмегімен тексерілетін болды. Облыстық экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, өндіріс және тұтыну қалдықтарының орындарын ғарыштан бақылау қоқыстың рұқсатсыз төгілу фактілерінің жолын кесіп, айыптыларды жазалауға мүмкіндік бермек.


Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp