«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАСЫРЛАР САЗЫ

Облыстық филармонияда онлайн режімде дәстүрлі әнші Ғалымжан Нұрпейісовтің кеші өтті. Өңір жұртшылығын тұ­нық әуенмен сусындатқан концертті домбырашы Бәйімбет Құбайдолла жүргізді.

Кеш барысында елімізге таны­мал Кенен Әзір­баев, Әсет Найманбайұлы сияқты ұлт өнері алдаспандарының әйгілі туындылары шырқалды. Бұдан соң халық әндерінің ішінен “Екі жирен”, “Қыздар-ай” туындыларына кезек берілді. Әнші композитор Естай Беркімбайұлының “Сандуғаш” әнін баянның сүйемелдеуімен шырқап, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Концертті онлайн режімде тамашалаған жұртшылық дәстүрлі ән кештерінің жиі берілуін өтінді.

Концерт барысында Секен Тұрысбековтың “Ақ жауын” және Құрмағазының “Терісқақпай” күйлері орындалды.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp