«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАСЫРҒА ҰЛАСҚАН ҒҰМЫР

Қара күзде басталған мерзімді баспасөзге жазылу науқанының өз мәресіне жетуіне саусақпен санар­лық күндер қалды. Жылдың қоры­тындысы шығатын тұста біз де га­зе­тіміздің таралымын, яғни оқыр­ман­дарымыздың санын анықтай­тын боламыз. Биылғы газетке жа­зы­лу нау­қаны біз үшін ерекше. Өйт­кені, ке­лесі жылдың ақпан айында Қы­зыл­жар өңіріндегі қазақ баспа­сө­зінің қарашаңырағы болып сана­латын “Soltústik Qazaqstan” газеті­нің алғашқы саны оқырман қолына тигеніне 100 жыл толады. Облысы­мыздың мәдени-рухани өміріндегі осындай айтулы күн – қалың оқыр­ман қауым ұлтжанды азаматтар үшін мерей.

Соңғы екі-үш жыл ішінде түрлі се­бептермен оқырмандарымыз­дың саны күрт төмендеп кеткені рас. Біз осы тығырықтан шығар жол табу, ұлттық сана-сезімді ояту, ру­хани жұ­таңдықтан айырылу, өс­келең ұр­пақ­тың жарқын болаша­ғы­на апара­тын жолды саралау мақ­са­тын­да ке­лі­сілген кестеге сәйкес облыс ау­дан­дарына арнайы ісса­парға шы­ғып, қа­зағы басым елді ме­кендерді аралап жүрміз. Осын­дай алашап­қын жағ­дайға түскені­мізге екі айдың жүзі бо­лып еді. Бұл жолғы бағыты­мыз – ака­демик-жа­зушы, жерлесі­міз Ғабит Мү­сіре­пов­­тің есімін ием­ден­ген аудан­ның орталығы – Ново­ишим­ка ауылы. Бұл – облысымызда­ғы жер көлемі жө­нінен де, ауыл ша­руашы­лығы өнім­де­рін өндіру сала­сындағы көр­сет­кіштерімен де ал­дыңғы қатар­дағы аудан. Даңғайыр диқанда­ры­ның қол жеткізген жетіс­тіктері жыл сайын қомақты бола түсуде.
Облысымыздың шалғайында ор­наласқан ауданның орталығына ме­желі уақытта жету үшін таңа­лаке­­уім­де жолға шықтық. Жеңіл көлік қараңғылық пен тұман тұмшалаған жолды жарығы­мен кесіп зымырап келеді. “Қызыл­жар-Ақпарат” жа­уап­кершілігі шек­теу­лі серіктестігінің дирек­торы Жа­расбай Сүлейменов екеуі­міз арагі­дік әңгіме өрбітіп, ара­сында қалың ойға шомамыз. Екеуі­міздің де ойы­мыз газет таралымы мәселесі төңі­регінде бүгінгі қалып­тасқан жағдай болатын. Бүгіндері халқымыз, әсі­ресе, жастар жағы газет пен кітап оқу­дан неліктен қол үзіп отыр?
Ақпараттық технология қарқын­ды дамыған қазіргі заманда кез кел­ген адамның әртүрлі салада, қа­ла­ған тақырыпта әр бағытта ақпа­рат­тан хабардар болуына ешқан­дай кедергі жоқ. Қазір, тіпті, газет пен кі­тап­ты да интернет арқылы оқу­ға жағ­дай жасалған. Сонда жас­танып жа­тып оқитын кітаптың за­маны біткені ме, “кітап оқи­тындардың соңғы буы­ны біз бе?” деп ойланып қаласың. Ақын Ио­сиф Бродский: “Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіре­ті, ал миллиондаған адам кі­тап оқыма­са, тұтас бір ұлттың қасі­реті”, – де­ген екен. Яғни, қазіргі жас­тардың газет, кітап оқуға деген құл­шынысы күннен-күнге азайып, Мұх­тар Ша­ха­нов ағамыз айтпақшы “ком­­­пьютер­басты жарты адамдар” көбеюде.
– Мен соңғы жылдары іссапарға шыққан кезде ауылдағы кітапха­на­ларға баруды әдетке айналдырдым. Сонда байқаға­ным, терең ойға қалдырады, – дей­ді менің ойымды іштей сезгендей Жарасбай Қабдоллаұлы. – Кітап­ханада газет тігінділері, соңғы кез­дері жарық көрген кітаптар тізіліп тұр. Кітапханашыдан оқырма­ны­ңыз көп пе деп сұрасаңыз, тек ба­сын изеп “иә” дейді. Бірақ шаң бас­қан рухани құндылыққа көптен бері адам­ның қолы тимегені анық сезі­ліп тұрады. Ащы болса да шындық – қазіргі таңда газет, кітаптың құн­дылығы бұрынғыдай емес.
Бүгіндері адамның материал­дық жағдайды ойлауы бірінші орын­ға шығып, оның рухани бай­лық­ты иге­руге деген ынтасы кемі­ді. Қа­зір ата-аналар ба­ла­сының көңілін ау­лау үшін қолына ұялы телефон­ беруді әдетке ай­налдырған. Өздері де мылқау адам­дай қолындағы теле­фонға үңіледі, бір-бірімен әңгі­мелесу ойларына мүлдем кір­мейді.
– Біздің ата-анамыздың жоғары білімі болмаса да, үйімізден газет, журнал үзілмейтін. Жеті бала бірге дастарқан басына жиналғанда әке­міз тағылымды әңгіме өрбітетін. Тіпті, кейде газетке шыққан қызық­ты мақаланы дауыстап оқытушы еді марқұм әкеміз. Кітапты таласа жүріп оқитынбыз. Қазір қалай? Бір-екі шынаяқ шайын асыға ішкен бала үстел басынан кетуге асығады. Өйткені, ғаламтордың әлемі оны баурап алған. Тіпті, шай құ­йып отырған келіннің бір көзі ұя­лы те­лефонда болады, – дейді Жа­расбай Қабдоллаұлы. – Мұның зар­дабын қазірдің өзінде жастар тар­тып жатыр. Бүгіндері мектеп та­бал­дырығын аттамай жатып көзіл­дірік таққан, құлағында кемістігі бар ба­лалар өсіп келеді. Ал өз-өзіне қол салудан еліміз әлемде алдыңғы қатарға шығып отыр.
Осы жерде мына бір деректер ойға қалдырады. Біздің елді ақпа­раттық технология жөнінен шаң қап­тыратын Жапония ғаламтор же­лі­сін пайдалану туралы заң қабыл­даған. Бұл елде азаматтың жасы­на сәйкес ғаламторды пайдала­нуға шектеу қойылған. Егер ол та­лап сақталма­са, жауапкершілікке тар­тылады. Ұл­ты­ның болашағын ой­лаған, халқы бір жарым мил­лиард болатын Қы­тай да осы жол­ды таңдапты. Тұр­ғын­дар саны он сегіз миллионнан жаңа ғана асқан Қазақстан үшін мұн­дай заң қажет-ақ. Сол Жапонияның басты газеті үш жарым миллион да­на болып шыға­ды екен. Түркия­ның “За­ман” газеті бүкіл әлемге бір мил­лион болып та­ралады. Күнкөріс дең­гейі жоғары Швецияның газеті таңертең және кешке оқырман қо­лы­на тие­ді, таралымы да жақсы. Отыз өрке­ниет­ті елдің қатарынан кө­рінеміз деп кеудемізді қағып, ал­ды­мызға асқаралы міндет қойып отыр­ған еліміздің жастарының болаша­ғы сонда қандай болмақ? Осындай ой құшағында отырғанда Новоишм­ка ауылына келіп те қалыппыз.
Осы іссапарға шығар алдында жер­гілікті билік өкілдерімен хабар­ла­­сып, оқырмандарды, тіл жан­ашыр­ларын, ұстаздарды барынша жинап, кездесуді кең аудиторияда өткізуді өтінген болатынбыз. Өйт­ке­ні, тұрғындар саны он мыңға жа­қын­­даған ауылда қазақтар аз тұр­майды. Соған қарамастан жергілік­ті жерде­гі­лер мәселенің ең оңай тә­сіліне бой­ұсыныпты. Бұл ауылда­ғы оқырман­дар­мен кездесуіміз “Nur Otan” пар­тиясы аудандық фи­лиа­лы­ның мәжі­ліс залында өтті, оған әдеттегідей елу шақты адам ғана сияды.
“Қызылжар-Ақпарат” жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктестігінің дирек­­­­торы Жа­расбай Сүлейменов жи­нал­­­ғандар алдында сөз сөйлеп, ал­дағы ақпан айында алғашқы саны шық­қанына бір ғасыр толатын, өңі­рі­міз­дегі қа­зақ баспасөзінің қара­­­ша­ңыра­ғы – облыстық “Soltústik Qazaq­stan” га­зетінің тарихынан сыр шертті.
– Өткен ғасырдың аласапыран жиырмасыншы жылдары Омбы қа­ласында “Кедей сөзі” болып жа­рық көрген газет осы уақыт ішінде оқыр­ман қауымның жанашырына айнал­ды. Бастауында Мағжан Жұ­мабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қош­ке Ке­меңгеров сынды Алаштың аяулы азаматтары тұрған басы­лым бір ға­сыр ішінде небір “тар жол, тайғақ ке­шуден” өтті. Тәуел­сіздіктің арайлы таңы атып, көк­бай­рағымыз бейбіт аспанда еркін қалықтаған жылдары бұрынғы қа­лыптасқан дәстүрді жал­ғасты­рып келе жатқан газет журна­лис­тері ең алдымен халықтың мұң-мұқта­жынан туындаған мәселе­лер­ді шешу­ге, ұлттық құндылықтары­мыз­­ды, ті­лімізді, ділімізді сақтауға, жас ұр­пақ­ты тәрбиелеуді мақсат тұтып отыр, – деген Жарасбай Қаб­дол­ла­ұлы басылым мен оқырман ара­сын­дағы байланысты тілге тиек ет­ті. Кәсіпорын басшысы сонымен қа­­тар мерейтой қарсаңында атқа­ры­­лып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқ­­тал­ды. Желтоқсан айының ба­сында бильярдтан турнир өтті. Ке­лесі жы­лы шағын футболдан жа­рыс, жас ақындар арасында мү­шәй­ра, ғылы­ми-тәжірибелік кон­ферен­ция және басқа да мәдени-бұқа­ра­лық шара­лар ұйымдас­тырылмақ.
– Мен бүгінгі кездесу бәрімізге ой салады деп санаймын. Облыс ор­талығынан ат терлетіп келген мей­манымыз әрбір қазақтың на­мысын оятатын сөздер айтты. Бә­рі­не за­ман кінәлі деп өзімізді ал­дағаннан ештеңе шықпайды. Ұр­пағымыздың болашағын ойлайтын кез келді. Мен көп жылдан бері осы газеттің тұрақты оқырманымын, қа­зір неме­ре­лерім де газет оқиды. Меніңше, ұлттық тәрбиені әркім өз отбасынан бастауы тиіс. Бұл істе, әсіресе, ұс­таз­дар қауымы жерлес­теріне үлгі көр­сетіп, ата-аналар­мен жұмыс жүргізгені абзал, – деді газетіміздің тұ­рақты оқырманы Тоқтар Темірға­лиева. Бұл пікірді ау­дандық арда­герлер кеңесінің төр­ағасы Нұр­са­дық Барақаев, мәде­ниет және тіл­дерді дамыту бөлі­мі­нің бас ма­маны Кенжегүл Бестае­ва да қол­дап, жи­налғандарды “Soltústik Qa­zaqstan” газетіне жа­зылуға ша­қырды.
Осындай кездесу аудан орта­лы­ғы­нан қырық шақырым жерде ор­наласқан Шұқыркөл ауылын­дағы орта мектептің ғимаратында өтті. Бұл – Айқын Нұрқатов, Нығмет Ғаб­дуллин, Жұ­ма­ғали Тілеулин, Абдолла Байта­сов сияқты еліміздің аяулы азамат­та­­­ры­ның кіндік қаны тамған жер. Ке­зін­де ауылда 250-ге жуық түтін бол­ған. Алайда, өткен ғасырдың тоқ­саныншы жылдарындағы қиын­дық­тардан басқа жерлерге қоныс ауда­рушылар көбейіп, бүгіндері ауылда 112 отбасы қалыпты.
– Ауылдағы “Атамекен Агро Шұ­қыркөл” ЖШС-і егіншілікпен, мал ша­­руашылығымен айналысады. Бұл се­ріктестік ауылдың бір жүз­ден ас­там адамын жұмыспен қам­тып отыр. Кәсіпорынның жаңа бас­шысы Абылай Бектұрғанов жұ­мыс­шыла­рын газетке жаздыруға көмектеседі. Бүгін ол іссапарда бол­ғандықтан, ең­бек ардагерле­ріне, күнкөрісі тө­мен отбасылары­на демеушілік көр­сету жөніндегі сіз­дердің өтініште­рі­ңіз­ді жеткізейін, оның көмектесетіні­не кү­мәнім жоқ. Ауылдағы отбасы­лар­дың басым бөлігі газет алатын бо­ла­ды. Жуыр­да пошта байланы­сы­ның жұмысын жолға қоймақпыз, – дейді Шұқыр­көл ауылдық округі­нің әкімі Абы­лай Тоққожин. Ал мек­теп дирек­торы Құралай Базарова ұжы­мын­дағы отыздан астам қыз­мет­кер­дің облыстық басылымға жазылға­нын мақтаныш сезіммен жеткізді.

 

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.
Суретті түсірген  Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp