
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранттары М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да қашықтан ғылыми тағылымдамадан өтті. Аталған оқу орнының «Қаржы» мамандығының екінші курс студенттері үшін «ZOOM» платформасында вебинарлар мен конференциялар ұйымдастырылды.
Ғылыми жетекшілер магистрлерге диссертациялық жұмыстарының тақырыптары бойынша кеңес берді. Ал кітапхана қызметкерлері жергілікті университет сайтындағы «Ғылыми кітапхана» бөлімінде бар мәліметтер базасы мен электронды оқулықтар жайлы ақпараттармен бөлісті. Тағылымдаманың ғылыми онкүндігі кезеңінде білім алушылар қашықтан дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатысуға мүмкіндік алды.
М.Қозыбаев атындағы университет алдағы уақытта да еліміздің көрші өңірлерінің жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамытуды жоспарлап отыр.
Сурет http://www.nkzu.kz/ сайтынан алынды.