«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАУДА

Қазақстан Конституциясы күні мерекесі қарсаңында Қызылжар ауданында “Жастар – 2019” саяси лагері өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын шара барысында тренинг, шеберлік сағаты, экскурсия ұйымдастырылады.

Әр ауданнан жиналған белсенді жастар бір-бірімен тіл табысып қана қой­май, ерекше инновациялық жоба әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар көпшілік­тің алдында сөйлей білу әдебін де үйренеді. Шалақындық Екатерина Мил­лер аталған шараға өзінің қабі­лет-қарымын жетілдіру үшін келіпті. Алдағы уақытта жастар арасында шы­ғармашылық байқау өткізуді жоспар­лап жүрген ол ұйымдастырушылыққа үйренуді көздеп отыр.
Әр салада еңбек етіп жүрген елуге жуық жастың басы қосылған шара ба­рысында жаттықтырушылар жастардың жоспарларын жүзеге асыруға кө­мектесуде.
– Жастарға жобаны қалай әзірлеу ке­ректігін және оны дұрыс ұсынуды үйретіп жатырмыз. Сәтті қорғалған жо­­ба­лар жыл аясына дейін жүзеге асы­рылмақ, – дейді ”Жас Отан” жас­тар қанаты облыстық филиалының жетекшісі Абылайхан Қайроллаев.

Алена ХАН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp