«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазанда жауған қар

Өңірде ауа райы күрт бұзылып, күн суыды. “Қазгидромет” РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы синоптиктерінің мәліметінше, батыс циклонының әсерінен туындаған ауа райының қолайсыздығы  бірнеше күнге жалғасады.

Бүгінгі күннің болжамы бойын­ша, өңірдің батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында қар аралас жауын күтілу­де. Солтүстік-шығыстан соққан жел­дің екпіні 15-20 м/с, кейбір жер­лерде 23-28 м/с дейін кү­шейеді. Облыстың солтүстік және шығыс бөліктерінде дауыл күше­йіп, жел­дің екпіні 30 м/с-қа дейін же­теді деп күтілуде. Күндізгі темпе­ра­тура шамамен +2-3 С0 аралы­ғын­да болса, түнде термометр көр­сет­кіш­і -5 С0-қа дейін төмен­дей­ді. 12 қазан күні облыстың сол­түстігі, шығысы мен оңтүстігінде бо­ран, көктайғақ болып, қар жауады деп болжанып отыр. Түнгі ауа тем­пе­ратурасы -2-ден -7 С0-қа де­йін тө­мендейді, ал күндізгі уақытта -5 С0-қа дейін суытады.

Жауын-шашынның мөлшері бір түнде 3,2 мм дейін жетеді, ал қа­зан айындағы жауын-ша­шын­ның ор­таша нормасы 22-40 мм. Қатты боран мен көк­тайғақ жол қоз­ғалысын тежеп, қа­уіп­сіздік шара­ла­рын күшейтуді та­лап етуде. Си­ноп­тиктердің бол­жа­мына қараған­да, тұр­ғын­дар алда­ғы күндері де осын­дай қо­лайсыз ауа райына да­йын бо­луы қажет. Тө­тенше жағдай қыз­меттері аза­мат­тарды қауіпсіздік шарала­рын сақтауға шақырады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp