«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАНДЫҚ ЖАРЫЛДЫ

Аққайың ауданының орталығы Смирново селосында тұрғын үйдің қазандығы жарылды.

Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. «Новостройка» тұрғын үй кооперативіне қарайтын 18 пәтерлік екі баспанаға  жылу беретін қазандық үйден бөлек тұрған екен. Жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры жартылай құлап, қабырғаларына зақым келген.  Алдын ала болжам бойынша көмірмен жылытылатын қазандық шамадан тыс қызып кеткен.  Жылыту жүйесі 3,5 сағаттан кейін қалпына келтірілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp