«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазан айында беріле бастайды

Қазан айында “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесінің бірқатар нысандары пайдалануға беріледі. Бұл туралы “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық кеңестің үшінші отырысында белгілі болды.

– “ЭКСПО” қалашығында жұмыс қызу жүріп жатыр. Біз халықаралық павильондарды, тақырыптық және коммерциялық павильондар құрылысының жұмыстарын аяқтап қалдық. Қатысушылар үшін “ЭКСПО қалашығының” құрылысы да аяқталуға жақын. Қазан айында осы нысандар пайдалануға беріледі. Олар қалалық инженерлік желілерге толық қосылу үстінде. Сонымен қатар, абаттандыру жұмысы да бір мезетте жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қазан айында қатысушы мемлекеттердің біразы өздерінің ұлттық павильондарын безендірумен айналыса бастайды, – деді “Астана ЭКСПО – 2017” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp