«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда келесі жылы зейнетақы мөлшері арта ма?

Алдағы 3 жылда Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

“Шығындар құрылымында әлеуметтік сектордың үлесі 50,4% құрайды. Мәселен, 2021 жылы әлеуметтік салаға 7 трлн теңге жоспарланған, ол 2020 жылға қарағанда 454 млрд теңгеге өседі. Жыл сайынғы индекстеуге және зейнетақы мен жәрдемақы алушылар контингентін ұлғайтуға келесі жылға қосымша 265 млрд теңге қарастырылған”, дейді Ерұлан Жамаубаев.
Қаржы министрінің айтуынша, Президенттің педагогтер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру арқылы олардың мәртебесін көтеру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша барлық іс-шаралар жоспарланған.
Сондай-ақ экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2021 жылға 1,7 трлн теңге қарастырылған. Осы қаражат аясында “Нұрлы Жол”, “Нұрлы Жер”, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ИИДМБ, БЖК-2025 және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жалғасатынын  айтып өтті.
Бұдан бөлек, 2021 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 3,8 трлн бөлінетінін хабарлады.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp