
2020 жылғы 4 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 3 119 науқас жатыр. 2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша өткен тәулікте 481 жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 58 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейін: науқастар саны – 26803, өлім жағдайлары – 305, барлығы 5831 адам сауығып шықты.
https://egemen.kz