«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда су сапасын онлайн режімде бақылауға болады

Қазақстанда жерүсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

“Бүгін – Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі”,- деп жазды министр өз «Twitter» парақшасында.
Министрдің сөзінше, жерүсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.
“Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі – суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын”, – деді Мағзұм Мырзағалиев.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp