
Қазақстанда жерүсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
«Бүгін — Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі»,- деп жазды министр өз «Twitter» парақшасында.
Министрдің сөзінше, жерүсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.
«Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі — суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын», — деді Мағзұм Мырзағалиев.
https://egemen.kz