«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды

Алдағы үш жылда шылымның ең арзаны 600 теңге болады. Қаржы министрлігі тиісті қаулыға өзгерістер енгізді.

Қазір құжат «Ашық НЛА» порталында қоғам талқысына ұсынылды. Жобаға сәйкес, биыл 1 қазаннан бастап темекінің ең арзан бағасы 470 теңге болады. Әрі қарай, баға біртіндеп 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін 600 теңгеге дейін көтеріледі. Жауаптылар бағаның өсуін кейбір үстеме шығындардың артуымен түсіндіреді. Айта өтейік, қазір шылымның ең арзаны — 440 теңге.
Шылым бағасын қымбаттату төмендегі кестеге сай жүргізіледі:
1.10.2020-31.12.2020 – 470 теңге;
1.01.2021-30.06.2021 – 500 теңге;
1.07.2021-31.12.2021 – 520 теңге;
1.01.2022-30.06.2022 – 550 теңге;
1.07.2022-31.12.2022 – 570 теңге;
1.01.2023 – 600 теңге.


https://egemen.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp