«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда теміржол паркіне 600 жаңа вагон қосылады

Қазақстанда 2025 жылға дейін жолаушылар теміржол паркі 600 жаңа вагонмен толығады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 вагон жолаушы тасымалдауға кіріскен. Вагондар келесі бағыттар бойынша бөлінген: Нұр-Сұлтан – Арқалық (14), Нұр-Сұлтан – Семей (8), Атырау – Маңғыстау (18), Алматы – Жезқазған (10).
Жыл соңына дейін Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Семей, Алматы — Маңғыстау бағыттарының жолаушыларын қуантатын тағы 50 жаңа вагон сатып алу жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, былтыр «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы 109 вагонды жаңартты. Осы уақыт ішінде теміржолда 340 млн тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 247,8 млрд т/км деңгейінде тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% — ға артық.

 https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp