«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда қамауда отырған 400 тұтқынның мерзімінен бұрын босатылғаны рас па?

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде еліміздің түрмелерінен 400 адам мерзімінен бұрын босатылғаны туралы хабарламаларды таратуда. Қазір бұрынғы тұтқындар кілем тазарту компанияларының өкілдеріміз деп үйлерді аралап, тонауда-мыс.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде сотталған 400 адамды Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату туралы жалған ақпарат таратылуда. ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді», деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

https://egemen.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp