
Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.
“Егер науқастар саны тәулігіне 30 мың адамға жететін болса, әлбетте, елде қатаң карантин режимі енгізіледі. Бұл – ең басты көрсеткіш. Бірақ денсаулық сақтау жүйесі тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 мың науқасты қабылдауға дайын”, деді Бағдат Қожахметов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда КВИ-ге шалдыққандар саны 106 661 адамды құрап отыр.
Сонымен қатар Қазақстан індетке дайындықты қамтамасыз ету саласындағы инновациялар коалициясымен және ДДҰ-мен, сондай-ақ халықаралық корпорациялармен және вакциналарды өндірушілермен бірлесіп вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянс құрған COVAX Facility бағдарламасына қосылды.
https://egemen.kz