«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ХАЛЫҚ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы “Қазақ елі” монументі жанындағы алаңда барша қазақстандықтарды ел бірлігі күнімен құттықтады. 

Елбасы осы айтулы мерекеге арналған салтанатты шараға қатысып, мерекелік концертті тамашалады. Сондай-ақ “Қазақ елі” монументі алдындағы алаңда орналасқан этномәдени бірлестіктер қалашығын аралады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды халық бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтады.

“Майқы би бабамыз: “Төртеу түгел болса, төбедегіні аласың, алтау ала болса, ауыздағыдан айрыласың”, – десе, Төле би бабамыздан “Бірлік болмай, тірлік болмас” деген сөз қалды. Ал Абай бабамыздың: “Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос”, – деген сөзі бар. Сондықтан осының барлығы – елдің бірлігі үшін ата-бабаларымыз беріп кеткен аманат. Барлық қазақстандықтарды көктемнің шуақты күнімен, бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын”, – деді Н. Назарбаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp