«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫНА” ҚАТЫСУДА

Жерлесіміз, Петропавл өнер колледжінің lV курс студенті Иса Әлимұсаев “Қазақстан” ұлттық телеарнасының “Қазақстан дауысы” телевизиялық байқауының үшінші кезеңіне өтті.

Өзбекстанның Үшқұдық қаласында дүниеге келген талантты өнерпазбен сұхбатымыз “Жас қыран” қосымшасының бұрынғы сандарында жарық көрген болатын. Алматыда әнші Алмас Кішкенбаевтың тобында өнер көрсететін Иса жарыстың екінші кезеңінде Эльдар Омаровпен бірге “Гүлдәрия” әнін орындап, қорытынды кезеңге жолдама алды. Жас бұлбұлдардың сахналық мәдениетіне баса мән берген тәлімгерлердің бірі, елімізге танымал әнші Медеу Арынбаев жерлесіміздің сахнада өз-өзін ұстауына ерекше ықылас білдірді.

Бұл жеңісін жанкүйерлік танытып, дауыс берген солтүстікқазақстандықтардың жетістігіне балайтын Исаның ендігі арманы – Өзбекстандағы ата-анасын атамекенге көшіріп алу.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp