«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДА ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ

Азаматтық авиация комитеті Ресейдің «ИрАэро» әуе компаниясына Қазақстан Республикасында аккредиттеу туралы куәлігін берді. Енді «ИрАэро» әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар бағыттарды ашуды жоспарлап отыр.

«Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының аймақтарын Ресей Федерациясымен әуе қатынасы арқылы байланыстыру жұмысын жалғастырады. Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде «ИрАэро»  келесі бағыттар бойынша тұрақты әуе тасымалын орындауды жоспарлап отыр: Жуковский — Қарағанды — Жуковский аптасына 7 рет; Жуковский — Көкшетау — Жуковский аптасына 2 рет; Жуковский — Петропавл — Жуковский аптасына 2 рет ұшырылады», — делінген комитеттің хабарламасында.

Айта кетейік, «ИрАэро» авиакомпаниясы 1999 жылы құрылған. Негізгі қызмет түрі — Қиыр Шығыстың және Ресейдің солтүстік-шығыс облыстарының әуе тасымалын қамтамасыз ету. 2006 жылдан бастап «ИрАэро» жолаушылар тасымалымен айналысады және қазіргі уақытта аймақтағы ең ірі тасымалдаушы болып саналады.

www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp