«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН 5 КАНДИДАТТЫҢ БІРІ – ӘЙЕЛ

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына 5 кандидат ұсынылды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен. «2 наурызда Асқар Жорабайұлы Сырғабаев өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді. 3 наурызда, сондай-ақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Абдукаримов және Сухраб Аминжанұлы Мырзашов өз кандидатураларын ұсынды. Осылайша, қазіргі сәтте сайлау науқаны барысында бес үміткер ұсынылды. Олардың біреуі – әйел», – делінген хабарламада. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабы 2-тармағына сай, Президенттікке кандидаттың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсыну туралы өтініш берілген сәттен бастап бес күннің ішінде анықтайды.

«ҚазАқпарат».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp