
Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді.
– БАӘ (11 рейс) биылғы жылдың 17 тамызынан бастап Алматы – Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан – Дубай (5 рейс) бағыттары бойынша;
– Германия (5 рейс) үстіміздегі жылдың 18 тамызынан Нұр-Сұлтан – Франкфурт (5 рейс);
– Беларусь (4 рейс) биылғы жылдың 19 тамызынан Алматы – Минск (2 рейс) және Нұр-Сұлтан – Минск (2 рейс) бағыттары бойынша;
– Украина (3 рейс) биылғы жылдың 19 тамызынан Алматы – Киев (3 рейс).
Египетке рейстер биылғы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарлануда.
2020 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады. Ұшулар Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады. Еліміздің барлық әуежайында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар күшейтілді. Қолды санитарлық тазарту қондырғылары орнатылып, карантин шаралары қатаң сақталуда (бетперделер мен қолғаптарды міндетті түрде кию). Ғимаратқа кіре берісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің байланыссыз термометриясы жүргізіледі.
https://egemen.kz