Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 50-ші орыннан 42-ші орынға көтерілді. Бұл туралы Стратегиялық жобалар жəне экономикалық зерттеулер орталығының директоры Бақытгүл Қамбар ОКҚ-да өткен брифингте мәлім етті. “Бұл рейтинг ең əуелі қарапайым халыққа не береді?” – деген сауал туындайды. Жалпы жаһандық экономиканың бір бөлшегі екенін сезінген Қазақстан халқының əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін экономикалық жағдайымыз жақсы болуы керек екені анық. Ол үшін бізге инвестиция керек. Ал дүниежүзіндегі көптеген инвесторлар инвестиция салу үшін қандай да бір елдің осы рейтингтегі орнына қарайды. Екіншіден, 5 институттық реформада заңның үстемдігіне ерекше орын берілген. Жаһандық бəсекеге қабілеттілік туралы рейтингте Қазақстан заңның үстемдігі бойынша бірқатар көрсеткіштерін жақсартты. Яғни, болашақта инвесторлардың Қазақстанға деген сенімі арта түседі”, – деп түсіндірді маман.
“ҚазАқпарат”.