«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШЫҢҒЫСТЫ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Абай ҚҰНАНБАЕВ. 

Қашан маңғұлдан Шыңғыс хан шыққанда, қазақтар құтты босынға барыпты. Бірақ қай жерде барғаны мағлұм емес, сүйтсе де осы Шыңғыс тауында, әскер Қарауыл өзенінің бойында жатып, он екі рудан, он екі кісі маңғұлдың өз заңы бойынша “хан” деген үлкен биіктің басында, ақ киізге Шыңғысты отырғызып хан көтерген дейді. Тауының Шыңғыс аталып, биігі хан аталмақ себебі де сол болса керек.

Сол он екі кісінің бірі қазақтан Майқы би деген кісі екен. “Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би” деген мақал болған. Майқы сол кісі екен. Шыңғыс аламандыққа аттанып, әскер тартып шыққанда әскерінің көбі татар екен дейді. Оның себебі: ол маңғұл өздері, татардай, ассыздық, сусыздыққа, ыстық-суыққа шыдамды болмаса керек. Қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылыпты, бұларды Шыңғыс Жошы деген үлкен баласына билетіпті.

(“Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы”).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp