«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚТЫҢ БІР ДӘУІРІ

Облыста академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейто­йына орайластырылған шаралар легі бастау алды. Ең алдымен, мерейтой меймандары қаламгердің атын иелен­ген облыстық ғылыми-әмбебап кі­тапхана алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, руханият ордасы­ның бүгінгі тыныс-тіршілігімен та­нысты. Кейін Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» тақырыбында республикалық ғылы­ми-тәжірибелік конференция ұйым­дастырылды. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызыл­жарлықтарды қазақ әдебиетін шоқ­тығы биік туындыларымен байытқан айтулы тұлғаның мерейтойымен құт­тықтады. Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қаламгердің қазақ руханиятындағы орнына тоқталып, оның шығармалары халықтың қазы­насына айналғанын айтты. Кейін жа­зушының қызы Жанна Мұқановаға құрмет көрсетіліп, қамзол кигізілді.

(С.Мұқановтың 125 жылдығына орай өткен шаралар туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи ала­сыздар).

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp