
Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қазақтың жадынан өшпес қайсар қызы» атты жыр кеші өтті.
Ұлттық және шетел әдебиеттер бөлімі Абай атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған жыр кешін Ерік Асқаров мектебінің тәлімгерлерімен бірлесіп өткізді. Ақын Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады. Ақын Фариза балаларға арналған өлеңдерінде еліміздің тамаша табиғатын әспеттейді, көктем келгенде құстармен бірге бұталарға дейін ән салып, ағаш құлпырып, дала жайнап гүлдегенін өлеңмен көрсетеді.
Оқырмандар ақынның өлеңін оқып, өздері шығарған өлеңдерін де мәнерлеп айтып берді. Кеш соңында ақын туралы «Жүрекжарды» атты бейнефильм көрсетілді. Оқырмандар «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесімен танысты.