Түнде суға барсаң, шошыма ауруға ұшырауың мүмкін.
Жүкті әйел тез босануы үшін толғатқан кезде оған тиісті барлық сандықтар ашылып қойылады.
Қонақ қыз босағаға емес, құрметті орынға отырады.
Әйелдің ер адамның, үлкеннің алдын кесіп өтуіне болмайды.
Шашты отқа тастауға болмайды. О дүниеге барғанда Құдай әйелдер мен қыздардан “Саған берген шашым қайда?” – деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашын адам баспайтын жерге қоюы керек.
Кірдің суын аяқ астына төгуге болмайды. Жаман суды басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.
Жұма күні кір жуылса, аруақтар риза болмайды.