Кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан “Союз-ТМА-18М” ғарыштық кемесі ұшты. Экипаж құрамында кеме командирі ресейлік ғарышкер Сергей Волков, борт-инженерлер – Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынақшысы Айдын Айымбетов бар.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов пен Дания астронавты Андреас Могенсеннің, сондай-ақ, қазіргі кезде орбитада жұмыс істеп отырған ресейлік ғарышкер Геннадий Падалкидің жерге оралуы 2015 жылдың 12 қыркүйегіне жоспарланған. Айдын Айымбетов ХҒС бортына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесінің туларын ала кетті.
“ҚазАқпарат”.