Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйде газ жарылды. Төтенше жағдай кезінде күйік алған 55 жастағы үй иесі “Жедел жәрдем” көлігінің ішінде көз жұмды.
Кешкі тоғызда орын алған оқиға газ баллоны редукторының ақауынан болды. Жарылыс салдарынан өрт шығып, 12 шаршы метр жерге жайылған жалын жиһазға зақым келтірді. Оқиға орнына жеткен жергілікті құтқарушылар екі арнайы техниканың көмегімен өртті бір сағаттың ішінде ауыздықтады.
“Қызылжар-Ақпарат”.