
“Қазпошта” АҚ бүкіл ел бойынша тұтынушылары арасында дәстүрлі ұтыс науқанын қолға алды. Басты жүлде – Hyundai Tucson автокөлігі 2019 жылдың 21 қазаны мен 2020 жылдың 15 қаңтары аралығында өтетін науқанға қатысушылар арасында ойнатылады.
Автокөлік және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысу үшін «e-commerce» “Қазпошта” төлем картасының иесі болу және оның көмегімен жалпы сомасы 25 000 теңгеден кем емес төлем жасау қажет.
Науқанға пошта қызметкерлері мен олардың жақын туыстарын қоспағанда, акция кезінде кәмелеттік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Науқанға тауарлар мен қызметтер үшін,соның ішінде онлайн режімде жасалған төлемдер де жіберіледі. Науқанға коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ұялы операторлардың қызметтері, бюджетке төлемдер (мәселен, салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер), қарыз операциялары бойынша және басқа төлем карталарын пайдалана отырып жасалған төлемдер, үшінші тұлғалардың пайдасына не акцияға қатысушының басқа төлем карталарына жүзеге асырылған аударымдар және өзге де төлемдер қатыспайды.
Науқанның әрбір қатысушысының шексіз мөлшерде төлем жасауына және олардың әрқайсысымен акцияға қатысуына рұқсат.
Ұтыс ойынына қатысушыларға «Қазпошта» автокөлікке қоса бір Iphone 11, бір Apple iPad mini және он дана Xiaomi Mi Band 4 фитнес-білезіктерін сыйлайды.
Ұтыс ойыны 2020 жылдың 20 қаңтарында тікелей эфирде әлеуметтік желілердегі “Қазпошта” аккаунттарында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен өтеді. Жеңімпаздар туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және ұйымдастырушының www.post.kz ресми сайтында жарияланады.