Бүгін Петропавлда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан әкелінген экспонаттардың «Қазыналы Қостанай мұрасы» көрмесі ашылды.
Жаңа көрме екі жерде — облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнері мұражайларында жұмыс істейді. Онда Қостанай өңірінің табиғаты, кен байлықтары, тарихы, мәдениеті туралы мол мәлімет беретін экспонаттар қойылған, оның ішінде археологиялық бірегей жәдігерлер, көне қару-жарақтар, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, көркемсурет туындылары да бар. Бір ғасырдан астам тарихы бар Қостанай облыстық өлкетану мұражайында бүгінгі күні 134 мыңдай жәдігер сақталады екен.