«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗ ӨСІРГЕН ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ

«Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай саяси ұйымның облыстық филиалы «Жаңажылдық қаз» фестивалін ұйымдастырды. Облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен іс-шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды.

Ауқымды мерекелік іс-шара фермерлік өнімдер, қолөнер бұйымдары мен тағамдар жәрмеңкесімен, сондай-ақ этно-фольклорлық ұжымдардың өнерімен ажарлана түсті.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Төренова жиналған қауымға бұл көктемде өткен «Auyl Fest. Қаз шаруашылығы» атты халықаралық фестивальдің жалғасы екенін атап өтті. Сол фестивальде өңірдің үздік аспаздары қаз етінен әзірленетін тағамдардың қырсырымен бөлісіп, ерекше мәзірлерін ұсынған болатын.

Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартуды ерекше атап өткен едіӨткізіліп отырған іс-шара осы бағыттағы жұмыстардың бірі. Әр ауданнан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер шақырылды. Бұл ауыл мен қала тұрғындарын біріктіретін іс-шара. Табиғи өнім өндіруші мен тұтынушылардың басын қосты, деді «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары, орталық аппарат басшысы Ғалымжан Құрманғали.

Іс-шара барысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі»төсбелгісі «Жолдасбай Агро» шаруа қожалығының малшысы Тұрлыбек Талтақаевқа табысталды. Сондай-ақ бірнеше азамат «Ауыл партиясына 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

– Жазда жүз қаз алғанбыз. Бүгінгі жәрмеңкеге 70 қаз әкеліп, еттің келісін 2200 теңгеден саттым. Құстың мамығын да тапсырамын, – деді Мамлют ауданының Покровка ауылынан келген Атабек Юлдажбеков.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp