«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қайдасыңдар, достарым!

Өңірімізде тың және тыңайған жерлерді игеру басталғанда сұра-пыл соғыстан тұралап қалған ел-дің тұрмысы әлі түзеле қоймаған еді. 1954-1955 жылдары алынған тыңның алғашқы астық өнімдері-нің молшылығы мен тоқшылығы-ның шамасын елдегілер бірден сезінді. Бұл ырыстың бастауы еді. Шал ақын ауданындағы Алқаағаш ауылында осы екі жылдың ішінде өмірге келген балалардың саны-ның өзі жиырма сегізге жетіп жы-ғылған. Мұндай демографиялық өсімнің нәтижесін 1972 жылы Ле-нин орта мектебін 4 сынып болып бітіргенде көрдім. Сол жылғы менімен құрдас түлектердің саны жүзден аспаса, кем емес еді. Со-дан бері қырық бес жыл өтіпті.

Ауылда қарашаңырақта сы-ныптастарым ерлі-зайыптылар Аманбек пен Роза Бекмағанбетов-тар, Серік пен Раушан Әубәкіров-тер ғана қалған еді. Өмірден өтке-ніне тура бір жарым жыл болып қалған Серік те егер тірі болса, алпыс екі жасқа келіп, бәрімізді қуанышқа бөлер еді. Бірақ өмір за-ңы қатал. Шаңырақтың иесі кетке-сін жарты жолда жалғыз қалған Раушан да амалсыздан Астана қаласына үш баласының қасына көшті. Қаншама құрбы-құрдас-тарым өмірден ерте кетті. Ерлі-зайыпты – үйдің діңгегі мен қабыр-ғасы сияқты. Егер шаңырақтан осы екеудің біреуі кетсе, үйден береке қашып, жаз өмірің күзге айналғандай болатынын бес күндік жалғаннан көбіміз көріп те жүрміз. Сондықтан қазағым басы-мыз аман, бауырымыз бүтін және төрт құбыламыз түгел болсын деп әрбір отбасыға амандық тілеп, ақ бата берген.

Құрбы-құрдастарым жайында сөз қозғағанда Есілбай Базарбек-ұлы мен Ырысбибі Шаймұранқызы туралы айтпай кету мүмкін емес. Мектеп жасынан есепке жүйрік Есілбайдың әкесі өмірден ерте өтті. Үйдің тұңғышы болғандықтан, ол ауылда шаруаға араласып, ұзақ жылдар жауапты жұмыстар атқар-ды. Сырттай білім алып, құрылыс-шы мамандығына ие болды. Ең-бекпен есейген Есілбай 1978 жылы ауылға жолдамамен келген Ырыс-бибі есімді жас мейірбикемен та-нысып, көңілдері жарасып, шаңы-рақ көтерді. Осылайша, ақ жаулық-ты келінге айналып, жеті балалы Базарбек пен Рахила анамыздың үлкен шаңырағының алғашқы келі-ні ретінде тастай батып, судай сің-ді. Еншілерін алып, бөлек шаңырақ құрып шыққан Есілбай мен Ырыс-бибі қырық жылдай жұп жазбай, еселі еңбек етті. Ауыл тұрғындары-ның денсаулығын ұдайы назарда ұстап, үлкен-кішіге бірдей көмек көрсеткен Ырысбибі осы салада 33 жыл қызмет атқарды. Мейірімді мейірбикенің біліктілігі арқасында сырқатынан жазылған науқастар-дың айтар алғысы шексіз. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарай білген Ырысбибі қаншама нәрес-тенің кіндігін кесіп, олардың аман-есен өмірге келуіне атсалысты. Бүгінде ел ағасы атанған Есілбай мен Ырысбибі Сергеевка қаласын-дағы күйеу баласы Думан мен қы-зы Меруерттің үш баласын көз-айымдай көріп, соларды айналып-толғанып, рақатына бөленіп отыр-ған жайлары бар. Қырық жыл бойы бір шаңырақ астында тұрып, тын-дырымды еңбек етіп, бүгінде бей-нетінің зейнетін көріп отырған осындай үлгілі отбасылардан жас-тар үлгі алса, құба-құп.

СУРЕТТЕ: Ырысбибі мен Есілбай Қожантаевтар.

Қайрат ДҮЙСЕНБІ.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp