29 қаңтар күні қайғылы оқиға – Алматы түбіндегі ұшақ апатының орын алғанына бір жыл толды. Онда 21 адам қаза тапқан еді. Бақилық болғандардың бірі – Қайсар Малғаждаровты облыстық Кедендік бақылау департаментінде әріптестері бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қайсар Мағжанұлы тамаша адам, кәсіби кеденші, адал дос, үлгілі жар, қамқор әке еді. Оған деген құрмет ретінде марқұмның туған күнінде облыстық Кедендік бақылау департаментінің мұражайында экспозиция ашылды. СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қайсар Малғаждаровты еске алуға арналған еркін күрес пен шағын футболдан облыстық турнирді жыл сайын өткізіп тұру туралы ұсынысты қолдады. Қайғылы апатқа бір жыл толуына орай марқұмның атындағы қайырымдылық қордың тұсаукесері болып өтті. Спортшы балаларға көмек беретін қорды Қайсар Мағжанұлының туғандары мен достары құрды.
Облыстық Кедендік бақылау департаменті.