«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙТАДАН КӨШ БАСТАДЫ

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті ойынында “Құлагер” хоккейшілері сырт алаңда атыраулық “Бейбарыс” командасымен кездесті.

Алғашқы кездесуді қызылжарлықтар сәтсіз бастады. Ойынның 36-шы минутында атыраулық хоккейші Антон Некряч есеп ашса, 23 минуттан соң канадалық легионер Кайл Хеффернан есепті еселей түсті. Осылайша, ойын 2:0 есебімен “Бейбарыстың” пайдасына шешілді.

Ал келесі күнгі қарымта кездесуде “Құлагер” хоккейшілері есе қайтарды. Бірінші күннің жеңілісінен кейін ойыншыларымыз жеңіске жету үшін бар күштерін салды. Атап айтқанда, құлагерлік ойыншылар – Марк Вакуленко, Алексей Грищенко, Кирилл Власов, Денис Стасюк, Дамир Рамазанов, Родион Жарких мергендік танытты. Есеп – 0:6.

Бұл кездесуден кейін 34 ұпайы бар “Құлагер” командасы ел біріншілігінің турнир кестесінде қайтадан көш бастады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp