«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

Облыста қайтарылған ак­тивтер есебінен жүзеге асыры­лып жатқан 33 әлеуметтік жоба облыс прокурорларының тұ­рақты бақылауында. Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар мәлімдеді.

Бас прокуратура Үкіметпен бірлесіп, қайтарылған қара­жатты ел игілігіне пайдалану бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Республика бойынша бүгінде 333 жоба қол­ға алынған. Бұл – өңірлерді да­мытудың және халықтың әл- ауқатын арттырудың нақты әрі пәрменді тетігіне айналып отыр.

Сол жобалардың бірқатары біздің өңірде де жүзеге асып жа­тыр. Мәселен, Петропавл қала­сындағы «Жас өркен» шағынау­данында заманауи үлгідегі бала­бақша құрылысы басталды. 280 орынға арналған жаңа мекеме бүлдіршіндердің ерте дамуы мен мектепке дейінгі тәрбиесі­не қажетті барлық керек-жарақ­пен қамтамасыз етілмек. Жоба­ның жалпы құны – 1,9 мил­лиард теңге.

Бұдан бөлек, Айыртау, Есіл, Мамлют, Шал ақын және Та­йынша аудандарындағы 30 ауылдық елді мекенде су құбы­ры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобалардың жалпы құны – 30 миллиард теңге. Нәтижесінде 11 мыңнан астам тұрғын ауызсуға қол жеткізеді. Бұл – өңірдегі сани­тарлық жағдайды жақсартып, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына жол ашатын маңызды қадам.

Облыстық прокуратура жо­балардың белгіленген мерзімде және талаптарға сай жүзеге асуын бақылап отыр. Құрылыс жұмыстары әзірленген жоба­лық-сметалық құжаттама негізінде жоспарға сай жүргізілуде. Мердігер ұйымдарға жұмыстың сапасына баса мән беріп, белгі­ленген уақыттан кешіктірмеу қажеттігі ескертілді.

«Әлеуметтік маңызды бұл жобалар халықтың тұрмыс са­пасын арттыруға, ауыл инфрақұрылымын жақсартуға ба­ғытталған. Прокуратура олар­дың ашық және тиімді іске асуын қадағалауды жалғастыра­ды», – деді облыс прокуроры­ның бірінші орынбасары Абу- Али Саттар.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp