Осыдан тоғыз күн бұрын спорттық мансабын аяқтағанын хабарлап, жұртты дүрліктірген Конор МакГрегор көпшілікті тағы да таңғалдырды. Ережесіз жекпе-жек жұлдызы өзінің “Twitter” парақшасында спортқа қайта оралғанын мәлімдеді.
– Мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі діни бағытты ұстанатын жанкүйерлеріммен бірге тек алға ұмтылғым келеді. Дін бізді дамуға, жетістікке жетелейді. Октагонда көріскенше, – деп жазды ол.
Ережесіз жекпе-жек жұлдызының жанкүйерлері енді ирландиялық файтердің келесі қарсыласы кім болатынын қызу талқылауда.