Петропавлдағы Халыққа қызмет көрсету орталығынан “Алтын Арман” базарына №8 автобуспен жетпекші болған 32 жастағы әйел әп-сәтте әмиянынан айрылып қалған. Ол аялдамада автобустан түсе бере ақшасының және құжаттарының қолды болғанын аңғарып, жол-патрульдік полициясының қызметкеріне шағымданған.
Дес бергенде, қалтақаққыш сол жерде құрықталған. Ол қалтаға түсуді кәсіп еткен кәнігі ұры екен. Жұрт сығылысып, автобустан жапатармағай түсе бергенде, ұры сөмкедегі әмиянды қағып үлгерген.
Әйелдің 87 мың теңгесі мен құжаттары қайтарылып берілді.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.