Айыртау ауданының Казанка ауылы маңындағы Иман-Бұрлық өзенінде балық аулап отырған 60 жасар ер адам резеңке қайықтан құлап, суға батып кетті. Осындай төтенше жағдай Есіл ауданының Покровка ауылы жанындағы Есіл өзенінде де орын алды. 79 жасар балықшы су құрбаны болды. Қайғылы қазаға ұшырағандардың мүрдесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.
Суда құтқару қызметі балық аулау кезінде сақ болу қажеттігін ескертеді. Егер судағы оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, жедел 112 телефонына хабарлаңыз.
Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,
“Суда құтқару қызметі” ММ басшысының орынбасары.