Суық күндер артта қалғанда, бар тіршілік жанданады. Қайың шырынының қозғалысы да жаз шыға басталады. Алайда қайың шырынын ішу үшін ағашты балтамен жаңқалап шауып, орманға үлкен зиян келтіретіндер аз емес. Нәтижесiнде мыңдаған қайың ағашы солып, көпшілігі ауруға шалдығып жатады. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасының бөлім басшысы Сәуле Сүлейменова табиғи шырынды алудың тәртібін түсіндірді.
– Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қайың шырынын тек мемлекеттiк шаруашылықтардың жоспарлары бойынша кесуге арналған және қураған ағаштардан жинауға болады. Орман учаскелерi туралы ақпарат алу үшiн, тұрғылықты жердегi мемлекеттiк орман шаруашылығына жүгiну керек. Шаруашылық мамандары заңда белгiленген тәртiптi және қайың шырынын заңды түрде алу үшін қандай рұқсат құжаттары керек екенiн түсiндiредi, – дейді маман.
Егер ағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзған болса, жеке тұлғалар 10 АЕК, яғни 25250 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Заңды белден басқан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 30, орта бизнес өкілдеріне 50, ал iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 АЕКмөлшерiнде немесе 252500 теңге айыппұл салынбақ.
(Сурет yandex.kz сайтынан алынды).