Облыс орталығында автокөлік қағып кеткен ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол апаты Жамбыл көшесінің бойында кешкі сағат тоғыздар шамасында болған. “Kia Sorento” маркалы автокөлікті тізгіндеген 63 жастағы жүргізуші жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Орын алған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
“Қызылжар-Ақпарат”.