«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Айыртау ауданындағы Шалқар ауылында тұрғын үй өртке оранып, тілсіз жау 4 жасар сәбидің өмірін қиды.

Бұл күні үй иесі жұмыста болып, әйелі мен 4 баласы үйде қалған. Аз уақытқа далаға шыққан әйел сәлден соң үйден қара түтін будақтап жатқанын көзі шалады. Жанұшыра үй ішіндегі балаларын құтқарып қалуға ұмтылған ол үлкен ұлымен терезелерді сындырып, 8 және 10 жасар қыздарды шығарып алады. Өкінішке қарай, 4 жасар кенже ұлды қою түтіннің арасынан бірден тауып алу мүмкін болмаған. Кейін оның жансыз денесін тұрғындар алып шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мамандарының айтуынша, өрт туралы хабар Саумалкөл ауылының №7 өрт сөндіру бөліміне кеш түскен. Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткенде желден екпін алған қызыл жалын жайылып үлгерген. Өрттің кеш ауыздықталуына елді мекеннің өрт сөндіру бөлімінен алшақ орналасуы да себеп болған.

Айтып келмейтін апатпен арпалыс бір сағатқа созылып, 3 газ баллоны сыртқа шығарылған. Соның өзінде өрт тұрғын үйді, оның ауласындағы құрылыстар мен көлік құралдарын бүлдірді. Өрттің жалпы ауданы 144 шаршы метрді құрады.

Мамандардың болжамынша, пештің қызуынан үйдің қамыс қабырғасы тұтануы мүмкін.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp