«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙ ТЕЛЕАРНАЛАР СҰРАНЫСҚА ИЕ?

Карантинге дейін қазақстандықтар ең жиі қарайтын телеарна «Хабар» еді. Ал қазір Ресейдің «ТНТ» отандық арнаны бірінші орыннан ығыстырып, көш басына шықты. Ал спорт арналары алғаш рет ең жиі қаралатын ТОП-10 арнаның қатарынан шығып қалды. Есесіне мектеп оқушыларына сабақ көрсете бастаған «Balapan» арнасы алғашқы ондыққа енді. Сондай-ақ, ТОП-ондықта ойын-сауық, фильм, жаңалық контенттері тұр. Үздіктер қатарында «Euronews», «Киносемья», «Первый канал СНГ» арналары бар. Бұл мәліметтер Beeline ұсынған BeeTV сервисін көруді талдау нәтижесінде белгілі болды.

«Карантин басталысымен көрермендерге теледидар топтамаларын тегін аша отырып, уақытын отбасымен қызық әрі пайдалы өткізу мүмкіндігін ұсындық. Біз жағдайды қадағалап отырамыз және карантин аяқталған соң да BeeTV-дің қазіргі аудиториясын сақтау мақсатында, алдағы уақытта абоненттерге қызық топтамалар ұсынамыз», – деді Beeline Қазақстанның Медиа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Сергей Лещенко.
Енді фильмдерге, телехикаялар мен телеарналарға толық қосылу мүмкіндігін 56 пайыздық жеңілдікпен алуға болады. Карантин кезінде «TV 90» және «TV 100+» топтамаларын қолданушылар «Үйдегі Интернет ТV» қызметінің 177 арнасы мен жаңалықтарға және ойын-сауыққа арналған ТОП 30 арнаға BeeTV-де трафик шығындамай қол жеткізе алады.

Сурет: https://www.malavida.com/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp